Құрметті ата-аналар! «ORLE» Жеке шаруашылық серіктестігі «Өрлеу» жеке балабақшасы 2018 жылдың тамыз айында ашылды. Балабақша ғимараты типтік, 2013 жылы кірпіш тастан салынған. Балабақшаның жобалық қуаттылығы 60 балаға есептелген, балалардың жас кезеңдеріне сәйкес 3 топ құрылды. Ғимарат- 2 қабатты, құрылыс ауданы -266.3, жалпы алаңы-412.8 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты: әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін
Міндеттер:
- Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
- Балалардың жас ерекшеліктеріне сай білім, білік және дағдыларын дамыту.
- Баланың шығармашылық, танымдық, коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру.
- Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
- Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бала тәрбиесіндегі ынтымақтастықты арттыру.
- Педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және озық тәжірибелерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.
- Балаларды мектепке дайындау, дербестікке, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша: - физикалық дамыту; - коммуникативтік дағдыларды дамыту; - танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; - шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; - әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.
Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнында:
1) тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру;
2) ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны;
3) білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру;
4) сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ету;
5) ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылады.